Қошанов Бишімбаевтың соты туралы: "Қоғамдық бақылау барда ешқандай бұрмалаушылық болмайды"

390

Осы жылдың басты сот процесі көптің назарында. 

Қошанов Бишімбаевтың соты туралы: "Қоғамдық бақылау барда ешқандай бұрмалаушылық болмайды" Фото: Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір сот процесі жүріп жатыр. Сот процесіне депутат, журналист және басқа да лауазымды қызметте жүрген азамат болсын араласуға ешқандай құқығы жоқ. Екіншіден, бұл іс үлкен резонанс туғызды. Шынында да, жантүршігерлік оқиға. Қоғамның ерекше бақылауында деп айтуға келеді. Президент осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізуге тапсырма берді. Өз бақылауына алып отыр. Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде ешқандай бұрмалаушылық болмауы керек деп ойлаймын. Сот шешімін шығаруда дербес. Сондықтан әділ үкім шығаратынына сенеміз", - деді Мәжіліс спикері тілшілердің сауалына берген жауабында.

Бұдан бөлек спикер журналистердің сот залына неге кіргізілмей жатқанына бөлек тоқталды.

"Сіздер соттың ғимаратында болдыңыздар. Сот мейлінше ашық жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мен де сіздер сияқты ақпарат құралдарынан көріп отырмын, тікелей эфирден көріп отырсыздар. Тағы да қайталап айтамын, сот үкім шығаруда да немесе қандай форматта сот процесі жүргізуде өздері дербес шешім қабылдайды. Бүгінде онлайн режимде сіздерге сот процесі туралы ашық ақпарат беріліп жатыр. Сот ғимаратындағы залдың шағын екенін көріп отырмыз. Меніңше, залдың да, аудандық соттың да мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан бұл мәселе осыдан туындап отыр деп ойлаймын", - деді Ерлан Қошанов.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс төрағасы Ресейге жасаған жұмыс сапарына тоқталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу