Осымен үшінші депутат орнын босатты. Бірақ жаман жерге барған жоқ. Мәди Тәкиев Қаржы министрінің креслосына жайғасқанын көпшілік бұған дейін білетін. Бірақ коронавирустан жазылып, жұмысқа шыққан төраға Ерлан Қошанов бүгін ғана алғысын айтып, шығарып салды. Ал қалған депутаттарға босаңсымауға пәрмен берді. Бұл ретте Жигули Дайрабаевтан үлгі алуға шақырды. Спикердің нені меңзегенін әріптесім Арай Сүгірбай біледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу