Көше атаулары көрінбейді

1388

Көше атаулары көрінбейді

Қарағанды қаласына күн шуағынан қуат алатын көше атаулары жазылған тақтайшалар орнатылатын болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көше үйлерінде жалпы осы секілді екі жарым мың тақтайша орнатылады, оның 900-і жанында орнатылған күн батареяларының арқасында жарықтандырылып тұрады. 

"Бізге заманға сай қадам басатын кез келді, әлемдік елдердің тәжірибелерін қабылдауымыз керек. Сонымен қатар жүргізушілерден түнгі уақыттарда үйлердегі көше атаулары бар тақтайшалары көрінбейтіні туралы шағым жиі түседі. Оларды жарық шағылыстыратындай етіп жасаудың да пайдасы болмайды. Себебі оларды көлік шамдарымен жарықтандыру мүмкін емес, олар жоғары орналасқан. Сондықтан жарықтандырылған тақтайшалар қажет. Ал күн батареялары заманға сай және экологиялық болып табылады", - деп түсіндірді тақтайшалардың қажеттілігі туралы Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев.

Алайда мұндай аншлагтар қаланың орталық көшелерінде ғана орнатылады. Басқа жерлерде олар электр желісіне қосылады. 

Жалпы бұл жобаға 70 млн теңге бөлінген, оның 40 миллионы күн батареясы бар аншлагтарға жұмсалады. Соңғыларының екі жылдық кепілдігі болады. Осы секілді сілтемелердің құны – 22 700 теңгені құрайды.

Айта кетейік, осыған дейін Астана  ғимараттарындағы QR-кодтар шұғыл қызметтердің жұмысын оңайлатындығы хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу