"Мықтылардың құтылуына, әлсіздердің тұтылуына қызмет істейтін камералар". Түркістан облысы Төлеби ауданында жолдағы қауіпсіздікті бақылайтын қондырғыларды жұрт осылай атайды. Өйткені, қыруар қаржыға қойылған камералар қарапайым халық ереже бұзған жағдайда айыппұл салғанымен, қарашаға керек кезде көмектесе алмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Мәселен, тұрғындар абайсызда жол апатына түсіп кейін кінәліні іздейтін болса таппайды. Себебі, бұл құрылғылар анық көрсетпейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу