"Көше саудасы – 1000 орын" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

1548

Өтінім қабылдау 30 қазанға дейін жалғасады.

"Көше саудасы – 1000 орын" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Елордада "Көше саудасы – 1000 орын" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрованың айтуынша, бағдарлама шеңберінде 100 жер учаскесі жүзеге асырылады, оның 80-і www.gosreestr.kz сайтында орналастырылған болса, 20-ын Астана Innovations сайтынан табуға болады.

Бұл жер телімдерінде жылжымалы тамақтану орнын, кофехана, нан-тоқаш өнімдері, балмұздақ, жеміс-жидектер, газеттер, гүл дүңгіршегі, кәдесый дүкендерін ашуға болады.

"2017 жылдан бері  жүргізілген конкурстар нәтижесі бойынша "Astana" ӘКК" АҚ кәсіпкерлермен 557 жер телімі бойынша субаренда келісімін жасады. Бағдарлама 1500-ден астам жұмыс орнын ашты. Жеке инвестициялардың сомасы шашамен 1,1 млрд теңгені құрады", – деді Бектұрова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу