Көшеде намаз оқыған оқушының әрекеті желіде қызу талқыланды

2189

Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жазба қалдырды.

Көшеде намаз оқыған оқушының әрекеті желіде қызу талқыланды Фото: instagram/kris.p.taraz

Көшеде сырт киімін шешіп, намаз оқыған оқушының әрекеті көпшіліктің қолдауымен қатар наразылығын да тудырды деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқушының бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір білдіріп, жазба қалдырған.

Біреулер "Аллам сенің дұғаңды қабыл етсін", "Қазақтың барлық ұлдары осындай болса ғой", "Ата-анасына рақмет", "Осындай жастар біздің болашағымыз" деп қолдап жатса, енді бірі "Дұрыс емес, дін дегенді мектепке мүлде жолатпау керек", "Не мынау сабақтың уақытында намаз оқып. Білім алмай ма?",  "Сабағыңды оқы, балақай, дінге үлгересің" деп сөгіп жатыр.

Айта кетейік, оқушы жайнамаздың орнына күртешесін шешіп, бас жағына сөмкесін қойып қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу