Көшеде жалаңаш жүргендер ұсталды

661

Полиция қызметі Қарағанды мен Теміртау қаласында жалаңаш жүрген екі азаматты анықтады.  

Көшеде жалаңаш жүргендер ұсталды Фото: Tengrinews

Қарағандылық полицейлер қоғамдық орында киімсіз жүрген екі азаматты анықтады.

20 сәуір күні әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген екі адамның бейнежазбасы жарияланды. Қарағанды қаласының орталығында бірі шалбарын шешсе, Теміртау қаласында жарияланған бейнежазбада белгісіз ер адам жалаңаш жүргені анықталды. Көшеге жалаңаш шығып ерсі қылық көрсеткен екі ер адамда да психикалық ауытқушылық болған.

“Полиция қызметкерлерімен аталған бейнежазбаларды зерделеу және азаматтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар барысында бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтар анықталды. Қазіргі уақытта оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешілуде”,- деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Кейін анықталғандай бұл екі адам да диспансерге ем алуға жіберілген.

Соңғы кезде Қарағанды облысында психоневрологияда есепте тұрған азаматтардың оғаш қылық көрсетуі жиілеп кетті. Күні кеше ғана қаланың ірі сауда орталығында эскалаторда кетіп бара жатқан ер адамды бір азамат ту сыртынан бір теуіп бес метрдей биіктіктен ұшырып түсірген. Полиция қызметінің анықтауынша жәбір көрсеткен азаматта  психикалық дертке шалдыққан. Бұл науқас та психоневрологиялық диспансерге жатқызылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу