Көшедегі қуғын "сериалы": Көлігінің нөмірі ұрланған адам оны әлеуметтік желіде таралған видео арқылы тауып алды

511

Арызданушы әлеуметтік желілердегі жаңалықтардан "елордадағы полицейлердің қуғынын” көріп, бейнероликтен тәртіп бұзған жүргізушінің жүксалғышында көрініп қалған өзінің мемлекеттік нөмірін таныған.

Көшедегі қуғын "сериалы": Көлігінің нөмірі ұрланған адам оны әлеуметтік желіде таралған видео арқылы тауып алды

Нұр-Сұлтанда полицейлерге бағынбай қашқан кінәлілердің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің ұрлығына да қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

“Есіл” ауданының Полиция басқармасына елорда тұрғыны белгісіз біреулердің оның Kia Rio автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап кеткенін айтып арызданған. Арызданушы әлеуметтік желілердегі жаңалықтардан “Нұр-Сұлтандағы полицейлердің қуғынын” көріп, бейнероликтен тәртіп бұзған жүргізушінің жүксалғышында көрініп қалған өзінің мемлекеттік нөмірін таныған.

Анықталғандай, МТНБ ұрланғаннан кейін оның иесі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік айыппұлдар туралы хабарламалар алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 61 мың теңгеден астам айыппұлды кінәлі тұлға төлейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу