Көшеге қоқыс тастайтындарға жаза күшейтілмек

176

Енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін жоғары айыппұлдар, тіпті әкімшілік қамауға алу да қарастырылған. 

Көшеге қоқыс тастайтындарға жаза күшейтілмек Фото: inbusiness.kz

Шымкентте полицейлер әкімдік өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамдық орындарды ластағандарды үнемі анықтап, жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz арнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 55 мыңнан астам әкімшілік хаттамалар рәсімдеп, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 255 миллион теңгеден айыппұл салынды.

ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша абаттандыру, инфрақұрылымды бұзу және жасыл желектерді жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы "Автомобиль жолдарын, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру" бойынша 22 770 адамға жалпы сомасы 103 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

2024 жылы коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау және ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтілді. Енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін жоғары айыппұлдар, тіпті әкімшілік қамауға алу да қарастырылған.

Атап айтқанда, коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға шығару енді 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап бұзу айыппұлды 20 АЕК-ке дейін арттырады.

Қоғамдық орындарда ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды және мүлікті қорлауға қатысты "Ұсақ бұзақылық" 434-бабы бойынша айыппұл 50 АЕК-ке дейін өсті. Бұған дейін бұл көрсеткіш 20 АЕК болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу