Көшелерге адамның есімін беруге мораторий жариялау керек – Әлихан Баймен

  Ол мұндай пікірді Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында айтты.

Көшелерге адамның есімін беруге мораторий жариялау керек – Әлихан Баймен Фото: kazislam.kz

Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменнің сөзінше, ономастика саласында мораторий жариялауды қажет ететін мәселелер әлі де бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 80-жылдармен салыстырғанда Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп, психологиялық тұрғыда өзімізді еркін сезінеміз. Тәуелсіз мемлекеттің мемлекет құраушы ұлты екенімізді түсінеміз. Соған сәйкес, тіліміз де дамып келеді. Терминком оқтын-оқтын жұмысын баяндап қояды. Өткенде "140 мың термин бекітті" деген ақпарат оқығанымда таңғалдым. Кейін түсіндім, "микрофонды" микрофон деп жазса, біреу деп есептеген сияқты. Әйтпесе, 140 мың көп қой. Мұндай халықаралық тәжірибеде бар, бір терминді сол қалпында пайдаланады, – деді ол. 

Әлихан Баймен бір затқа, құбылысқа жаңа атау беруді "ұлт тілінің негізі" деп есептейді. Дей тұрғанымен, халқымыздың сипаттау қабілетінің жоғалып жатқанын ашық айтты. 

– Сондықтан да, көшелерге, елді мекендерге адамдардың атын беруге мораторий жариялау керектігін айтып жүрмін. Біреудің атымен қойылған көшеден гөрі, Өр көше, Ылди көше, Көлеңкелі көше, Шуақты көше, Шиелі көше, Аршалы көше деген ұлтымыздың берген атауы болар еді. Сипаттау болар еді. Қазір сол сипаттау қабілетімізден айырылып қала жаздап отырмыз, – деді комитет төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу