"Көшелерге дезинфекция жасайтын сұйықтықтар - қауіпсіз"

905

Алматы әкімінің орынбасары дезинфекциядан кептер қырылып қалуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды.  

"Көшелерге дезинфекция жасайтын сұйықтықтар - қауіпсіз"

Алматы көшелері мен аулаларын дезинфекция жасауға арналған сұйықтық адам денсаулығына қауіпсіз, деп мәлімдеді Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов. 

"Дезинфекция жасауға арналған сұйықтықтар 100% қауіпсіз деп айта аламын. Сонымен қатар жедел штаб барлық қала тұрғынын дезинфекция жасау алдында хабардар етіп отырады", – деді шаһар басшысының орынбасары. 

Бұдан бөлек Ерлан Қожағапанов желіде тараған кептердің қырылып қалуына байланысты пікірімен бөлісті. 

"Қазір кептер сараптамаға жіберілді. Алайда біз 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағын 19 наурызда жауып, 20 наурызда дезинфекция жасағанбыз. Ал олар 25 наурызда қырылып қалды. Сондықтан бұл сұйықтықтың әсерінен болмауы мүмкін", – деді Ерлан Қожағапанов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу