Көшербаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжанның сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

161

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Көшербаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжанның сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал төңірегінде пікір алмасып, дағдарыс жағдайында тығыз үйлестіру мен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы эвакуациялық іс-шаралар мәселелері бойынша сындарлы өзара іс-қимыл үшін Әзербайжан мен Түрікменстандағы әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Сұхбаттастар мәселелені тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы реттеуге ортақ бейілділігін растады, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын сақтау және өңірлік қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, тараптар азаматтарды эвакуациялау мүмкіндігін ұйымдастыру мәселелерінде қажетті қолдау көрсетуге, сондай-ақ сыртқы істер ведомстволары желісі бойынша тығыз жұмыс байланыстарын жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу