Көші-қон бағдарламасы арқылы Ресейге 325 мың қазақстандық қоныс аударған

77

Бұл туралы ресейлік БАҚ жазды. 

Көші-қон бағдарламасы арқылы Ресейге 325 мың қазақстандық қоныс аударған Фото: kp.ru

Ресейде көші-қон бағдарламасы басталғалы бері елге 1,2 млн-нан астам адам қоныс аударған. Бұл туралы Ресейдің ІІМ азаматтық мәселелер жөніндегі қызметі басшысының орынбасары Валентина Казакова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап. 

Валентина Казакованың сөзінше, Қазақстаннан – 325 мың, Украинадан – 301 мың, Тәжікстаннан 159 мың адам көшіп келген. Көші-қон бағдарламасына қатысушылардың көп бөлігі Тула (96 мың), Калуга (93 мың) және Челябинск облыстарын (78 мың) таңдаған. 

Шетелде тұратын отандастарды Ресейге көшіруге көмектесетін бағдарлама 2006 жылы іске қосылған. Бағдарлама аясында азаматтық алу рәсімі жеңілдетіліп, әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қоныстанушылардың көшіп келу шығындары өтеліп біржолғы көмек пен жұмыссыздық жәрдемақысы төленеді.

Бұған дейін "Коммерсантъ" басылымы 2025 жылы бұл бағдарлама арқылы Ресейге 26,7 мың адам көшіп келгенін жазған. Бұл – 2011 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Сол жылы 61,1 мың өтінім беріліп, 31,4 мың адам қоныс аударған. 2025 жылы Қазақстаннан қоныс аударушылар көп болған, ал Тәжікстан бұл көрсеткіш бойынша екінші орыннан бесінші орынға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу