Көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден шығарылды

873

Алматыда 14 қаңтардан бері "Келімсек" жедел анықтау іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

Көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден шығарылды

Көші-қон заңнамасы саласындағы бұзушылықтарды анықтауға бағытталған мониторинг барысында тәртіп сақшылары 1500-ге жуық шетелдікті тексерді. 

"Рейдтер кезінде шетелдіктердің болу нысандары және олардың уақытша тұру орындары тексерілгенін атап өткім келеді. Жалпы алғанда, осы күндері көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өзге елдің 1417 азаматын тексерді. Нәтижесінде 57 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын анықтау мақсатында 70 шетелдік азамат ПД қабылдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, біздің отандастарымыздың ішінен қабылдаушы 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы төрешілерінің шешімдері бойынша көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 11 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонлай-ақ, рейд кезінде Пәкістан азаматының 2004 жылдан бері Қазақстанда заңсыз жүргені анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу