Көші-қон заңнамасын бұзған 18 шетелдік жолаушы пойыздан түсірілді

210

Оларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарып жіберу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

Көші-қон заңнамасын бұзған 18 шетелдік жолаушы пойыздан түсірілді Фото: Polisia.kz

Өзбекстанның 18 азаматы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін “Самара-Ташкент” пойызынан түсірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 10-20 сәуір аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Мәселен Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері “Самара –Ташкент” бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 18 азаматын анықтап, поездан түсіріп алды.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырып, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу