Көші-қон заңнамасын бұзған 3 шетел азаматы елден шығарылды

670

Жыл басынан елімізде көші-қон заңнамасын бұзған 121 азамат, оның ішінде 86 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон заңнамасын бұзған 3 шетел азаматы елден шығарылды Фото: polisia.kz

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 19, 21 және 32 жастағы Үндістан азаматтарын анықтаған. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған.

– Көлік полицейлері шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Дәл осындай құқықбұзушылық Шу станциясында Көкшетау–Қызылорда бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде де анықталды. Бұл жолы Тәжікстан Республикасының 28 жастағы азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен жоғарыда аталған құқықбұзушылар ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, – деді Мадияр Айтуғанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу