Көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетелдік елден шығарылды

145

Іс-шара басталғалы 1185 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 225 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетелдік елден шығарылды Фото: qazaq1913.com

Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары туралы болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер оларды "Заңсыз келуші – 2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 935 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 202 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды.

"Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 48 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар Алматыда іс-шара кезінде Қазақстаннан өз бетінше кету туралы сот шешімін орындамаған 54 шетелдік ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу