Көші-қон заңнамасын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды

858

3 587 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Көші-қон заңнамасын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Бұл туралы Павлодар облысы көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айыппұл арқалаған азаматтар көші-қон заңнамасын сақтамаған. 
"Павлодар облысы көші-қон қызметінің өкілдері еліміздің 2 993, шеетелдің 
594 азаматын заң бойынша жазалады", – деді Қазбек Ахметов. 

Оның сөзінше, 391 шетел азаматы Қазақстанда болу ережесін, 37 құқық бұзушы шетелдік жұмыс күшін пайдалану тәртібін қасақана бұзған. 

"Тексеріс кезінде Қазақстан Республикасындағы тіркеу ережесін бұзып тұрып жатқан 2 588 азамат анықталды. Оның 2 521-і ел, 67-сі шетел азаматы болды. Сотқа 358 әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты іс жіберілді. 44 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Көші-қон заңнамасын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды", – деді басқарма бастығының орынбасары. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу