Көші-қон заңын бұзған 33 шетел азаматы анықталды

875

Көші-қон заңын бұзған 33 шетел азаматы анықталды

Елорданың 20 жылдығы қарсаңында Астана қаласында осы жылдың 1-сәуірі мен 30- маусымы аралығында "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарланды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Учаскелік полиция инспекторлары 1-сәуірден бастап өздерінің аумақтарындағы тұрып жатқан азаматтар туралы мәліметтерді алу және ІІО кезекші бөлімдері мен учаскелік полицейлердің байланыс деректері бар визиттік карталарды тарату үшін пәтерлер мен аулаларда тексеру жүргізуде.

Іс-шара басталғалы учаскелік инспекторлар 10600-ден астам пәтер мен 1290-нан астам жеке үйді аралап шықты. Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 814 азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ 630-ден астам азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді. Учаскелік инспекторлар әкімшілік учаскелерде халық алдында 42 есеп беру жиналысын өткізді. Жалға берілетін 213-тен астам пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Жалпы "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 1300-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 505 бабы "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бойынша 211, ҚР ӘҚБтК 434 б. "Ұсақ бұзақылық" 90-нан астам, ҚР ӘҚБтК 440 б. "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша 400-ден астам және Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 33 шетел азаматы анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу