"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" тиісті Жарлыққа биылғы жылдың 19 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ІІМ ведомствоаралық үйлестірумен, көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеумен, босқын мәртебесін берумен, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен айналыспайды. Өзгерістер құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату шеңберінде енгізіледі.
Көші-қон саласындағы функцияларды азаматтық ведомствоға беру көші-қон заңнамасының сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңсыз көші-қонның, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктер ІІМ қарамағында қалады.