Оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ал ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға, оның ішінде табиғи өсім есебінен – 239 422 адамға және көші-қон есебінен – 8 346 адамға артты.
Айта кету керек, халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана қаласында – 5,11%-ға, Алматы – 2,82%-ға және Маңғыстау облысында – 2,40%-ға тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу