Қазақстанның батысындағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет Қошқар-Ата қалдық қоймасы мен ағынды сулардың булану тоғанын қалпына келтіру жобаларына 10,3 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, үш жылдық бюджет жобасында су ресурстарын тиімді басқаруға 92 млрд теңге, оның ішінде топтық су құбырлары мен гидротехникалық құрылыстар салуға – 47 млрд теңге, суармалы суды тасымалдау және беру үшін жер үсті су ресурстарының сулылығын арттыруға – 17 млрд теңге бөлу көзделген.
"Балық, орман, жануарлар дүниесі ресурстарын, табиғи-қорық қоры объектілерін сақтауға 58,4 млрд теңге, оның ішінде 15 млрд теңге – мемлекеттік табиғи және орман қорғау қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге, 5,4 млрд теңге – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделеді. 2024 жылы жаңа ғылыми-техникалық бағдарламаларға нысаналы қаржыландыру шеңберінде Үкімет 2,8 млрд теңге бөлуді ұсынады", - делінеді ведомство хабарламасында.