Көшкін салдарынан Көлсайға баратын жалғыз жол жабылып қалды

1193

Көшкін салдарынан Көлсайға баратын жалғыз жол жабылып қалды

Алматы облысы Кеген ауданындағы тау көшкіні қазірдің өзінде 50 млн текше метр аумақты қамтып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

"Осыншама ауқымды лай көшкіні бұл өңірде соңғы 1 ғасырда болмаған", – дейді мамандар.

Тау бөктерінің опырылуына осы өңірде жиі болатын жер сілкінісі мен толассыз жауған жауын-шашын себеп.

Көшкін салдарынан Көлсайға баратын жалғыз жол жабылып, электр желісінің 500 метрі зақымданған. Көшкін екпіні бәсеңдегенімен, сары топырақ сайда ағып жатқан өзенге жақындап қалды. Алайда ауыл тұрғындарның алаңдауына негіз жоқ. Мамандар күндіз-түні жағдайды қатаң қадағалап, 70-ке жуық жол жөндейтін арнайы техниканы әзірлеп қойған.

"Саты елдімекеніне ешқандай қауіп жоқ. Өйткені Саты елдімекені биікте орналасқан", - дейді "Қазселденқорғау" ММ басшысы Тоқтар Баймолдаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу