Көшпенділер ойындары: Қазақстан аттарды Түркиядан жалға алады

676

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстан көкпарға қатысатын аттарын апармайды. Сол себепті де аттарды Түркиядан жалға алмақ, деп жазады inbusiness.kz 

Көшпенділер ойындары: Қазақстан аттарды Түркиядан жалға алады

"Ат мәселесі бойынша шетелге шығару үшін қойылатын бірнеше талаптар бар. Біз жарты жыл бұрын қырғыз елімен бірге атты арнайы ұшақпен апару бойынша жұмыс жүргіздік. Қазіргі таңда сол жұмыс болмай жатыр. Олар да аттарын алып бармайды. Біз бірлесіп алып баруымыз керек болатын. Талаптары болмай қалды. Ұшаққа келісілмей қалды", - деді Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

Көкпардан Азия чемпионы Құрманбек Тұрғанбек жарыста барымызды саламыз деді. 

"Осы уақытқа дейін Тараз қаласында өзіміздің аттарымызбен дайындалдық. Өте жоғары деңгейде жаттығу жасадық. Соңғы күндері аттың бармайтынын білдік", - деді көкпардан Азия чемпионы Құрманбек Тұрғанбек. 

Брифинг барысында бір атты жалға алу құны қанша деген сұрақ қойылды. 

"Аттарды Түркиядан жалға алып отырмыз. Түркияда көкпарға ұқсайтын спорт түрі бар. Сол спорт түріне қатысатын аттар көкпарға келетіндіктен, біз ресми келісімшартқа отырдық. Аттарды Түркия тарапы жалға береді. Қазақстан ақшасын төлейді... Бір атты шамамен 300 долларға деп келісіп отыр. Бірақ аттың деңгейіне байланысты. Бір күнге жалға алу бағасы деп қымбат сұрап отыр", - деп жауап берді "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК директоры Бақдәулет Сәбитов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу