Көшпенділер ойындары кезінде Астананың көшелерінде көлік қозғалысы шектеле ме?

303

8-13 қыркүйекте елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Көшпенділер ойындары кезінде Астананың көшелерінде көлік қозғалысы шектеле ме? Фото: Kazinform

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев халықаралық спорттық жарыс кезінде Астана көшелерінде көлік қозғалысы шектеле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ІІМ өкілінен "Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде елордада жол қозғалысында қандай да бір шектеулер бола ма? Қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгеріске ұшырай ма?" деп сұрады.

"8-13 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жоспарланып отыр. Көптеген спортшы, осы ойындарға қатысушылар келеді деп күтіліп отыр, бұл 3 мыңға жуық адам. Олар осы уақыт бойы қалада тұрады. Жарыстар Астанада өтеді. Бұл сұрақты неге қойып отырғаныңызды түсініп отырмын. Жақында қалада ШЫҰ саммиті өтті. Онда белгілі бір жағдайлар (ред. – кептелістер) болды, бірақ бұл көптеген мемлекет басшыларының келуіне байланысты еді", – деді спикер.

Сөзінше, елорда көшелерін жабуға және кептелістің болуына айтарлықтай негіз жоқ.

"Бізге ойынға қатысушылардың тұрғылықты жері және спорттық іс-шаралардың өткізілетін нақты орындары белгілі болғаннан кейін схемаларды дайындаймыз, сол бойынша спортсмендерді тасымалдаймыз. Меніңше, бұл жағдайда қозғалысты тоқтату қажет болмайды. Бәлкім біз бұл (ойынға қатысушылар мінетін) автобустарды  сүйемелдейтін шығармыз, бірақ қозғалыстың жабылуы екіталай", – деп түсіндірді Қайсар Сұлтанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу