Көшпенділер ойындары кезінде жанкүйерлер арнайы автобуспен спорттық нысандарға тегін барады

310

Арнайы автобустар 9-13 қыркүйек аралығында жүретін болады. 

Көшпенділер ойындары кезінде жанкүйерлер арнайы автобуспен спорттық нысандарға тегін барады Фото: Астана әкімдігі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев дүбірлі додаға дайындық барысы қандай екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581 дана. V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 млн тг. Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Атап айқанда, ғылыми бағдарлама бойынша Әзербайжан, Белорусь, Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан және Франция елдерінен мамандар қатысады", - деді Абылай Қондыбаев. 

Сөзінше, этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара өтеді, мәдени бағытта барлығы 5600 қатысушы бар. Оның ішінде этникалық мәдени топ өкілдері мен әнші-бишілер, эстрада жұлдыздары кіреді. Этноауыл ресми түрде 7 қыркүйектен жұмысын бастайды.  
Көшпенділер ойындары туралы 1355 нөмірі арқылы коллцентрден ақпарат алуға болады.  

"Дүниежүзілік ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін елордадағы 20 қонақ үй мен 331 көлік құралы жұмылдырылады. Қатысушылар үшін қонақ үйлерден спорттық нысандарға арнайы автобустар ұйымдастырылады. Этноауыл, Қазанат, Арғымақ нысандарына тұрғындар өз көліктерімен жіберілмейді.  Тұрғындар үшін арнайы такси сервисі қолжетімді. Ойындар кезінде қоғамдық көліктер тоқтатылмайды. 9-13 қыркүйек аралығында жарыс күндері көрермендер үшін арнайы шатл басстар ұйымдастырылады. Әр күні сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін "Астана Арена" стадионы, ЭКСПО  және Республикалық Бас мешітте автобустар жанкүйерлерді спорттық нысандарға ақысыз тасымалдайды", - деді Абылай Қондыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу