Көшпенділер ойындары: Шетелден келетін қатысушыларға қанша қаражат жұмсалады?

353

Дүбірлі доданы өткізуге 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.  

Көшпенділер ойындары: Шетелден келетін қатысушыларға қанша қаражат жұмсалады? Фото: aikyn.kz

Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналист спикерден "Көшпенділер ойындарының бюджеті шамамен 6 млрд теңгені құрайтыны белгілі болды. Бұл қаражат қайда жұмсалады?" деп сұрады.

"Ойындардың мемлекеттік бюджеті 5,7 млрд теңгені құрайды. Шығынның негізгі бөлігі қонақтарымыздың тұруы мен тамақтануына кетеді. 2430 қатысушы келеді деп айтылды. Біз бесінші дүниежүзілік ойындарын өткіземіз. Онда қалыптасқан дәстүр бар. Біздің ұлттық құрамамыз осы ойындардың барлығына қатысты. Қабылдаушы тарап келген барлық қонақтың шығынын өз мойнына алды. Әр қонаққа шамамен 1,8 млн теңге жұмсалады. Негізгі шығындар – барлық келген қонақты орналастыру, тамақтандыру және тасымалдау", - деді Абылай Қондыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің сөзінше, спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Оның құрамына жаттықтырушылар мен спортшылар кіреді.

Айта кету керек, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 8 қыркүйек күні басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу