Көшпенділер ойындарында Қазақстан ат марафонының бірінші кезеңінде көш бастады

397

Қазақстандық шабандоздар ат марафонында көш бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көшпенділер ойындарында Қазақстан ат марафонының бірінші кезеңінде көш бастады Фото: Ұйымдастырушылардан

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан "Көчмөндөр жүрүшү" халықаралық ат марафонының алғашқы кезеңі аяқталды.

Жарыстың бірінші күнінде шабандоздар жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайтын бағыттың 50 шақырымын еңсерді.

Бірінші кезең нәтижесінде Қазақстан құрамасы үздік көрсеткішпен көш бастады.

Екінші орынға Қырғызстанның "Ала-Тоо" командасы жайғасса, үздік үштікті тағы бір қырғызстандық "Ыстықкөл" командасы түйіндеді.

Марафон қатысушыларына әлі 250 шақырымдық жолды бағындыру қажет.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 300 шақырымға созылатын мұндай ат марафоны Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу