Көшпенділер ойыны: Дәстүрлі аңшылық өнер сайысына 45 құс қатысады

214

Олардың негізгі бөлігі ұлттық құраманың құстары.

Көшпенділер ойыны: Дәстүрлі аңшылық өнер сайысына 45 құс қатысады Фото: venturephotography.com

Көшпенділер ойындарына шамамен 560 спорттық ат, 45 құс қатысады. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көшпенділер ойындарына шамамен 560 спорттық ат қатысады. Олардың 114-і – ұлттық құраманың барлық спорт түріндегі аттары, 300-і – басқа елдерден аттарын әкелмеген қатысушылар үшін дирекция арендаға берген аттар, сондай-ақ басқа елдерден келген аттар да бар. Көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар "Арғымақ" ат спорты кешенінде және "Қазанат" ипподромында орналастырылады", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Абылай Қондыбаев дәстүрлі аңшылық өнер сайысына – кұсбегілікке 45 құс қатысатынын айтты. Айтуынша, олар негізінен ұлттық құраманың құстары, сонымен қатар Моңғолия мен Қырғызстаннан қырандар, сұңқарлар мен қаршығалар әкелінеді деп күтіліп отыр. 

"Құстар астаналық циркте орналастырылады. Көшпенділер ойындарына қатысатын жануарларды орналастыруға арналған барлық орын қажетті ветеринариялық-санитарлық стандарттарға сәйкес келеді", - деді Дирекция басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу