Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды

1357

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында жазды.  

Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын", – деді Сәкен Қалқаманов.

Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Бестөбе ауылында туған.

Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысы Сілеті ауданы "Изобильноей" кеңшерінің 2-бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған.

1983-2014 жылдары Ақмола облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байланысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамы "Астана поштамт" Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы "Қалалық коммунальдық шаруашылық" мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, "Астана қалалық коммунальдық шаруашылық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, "Кредит Құрылыс НС" ЖШС өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және Жер ресурстары басқармасының төрағасы қызметінде болған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу