"Косметикалық өнімдерге жасырылған": Елімізге Оңтүстік-Шығыс Азиядан 32 келі есірткі заттары кіргізілмек болған

404

Бұл фактілерге қатысты материалдар құзыретті органдарға жіберілді.  

"Косметикалық өнімдерге жасырылған": Елімізге Оңтүстік-Шығыс Азиядан 32 келі есірткі заттары кіргізілмек болған Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Биыл тамызда Алматы қаласының әуежайында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерден Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі заттарын әкелудің үш әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан "марихуана", "каннабис шайыры" және "гашиш майы" табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты.

Көрсетілген фактілерге қатысты материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзыретті органдарға тергеу бағыты бойынша берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу