Косово премьер-министрі НАТО контингентінің санын көбейтуді ұсынды

547

Ішінара танылған Косово Республикасының басшысы сербтер қоныстанған аймақтың солтүстігінде жалғасып жатқан шиеленістер жөнінде мәлімдеді.

Косово премьер-министрі НАТО контингентінің санын көбейтуді ұсынды Фото: BBC

Косово билігінің Сербиямен шиеленіскен қарым-қатынасы НАТО контингентінің санын және аймақтағы әскери техниканың санын көбейтуді талап етеді. Бұл туралы Косово Республикасының үкімет басшысы Альбин Курти Welt неміс басылымына берген сұхбатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz РБК агенттігіне сілтеме жасап.

"Елімізде НАТО-ның әскери техникасының контингентін нығайту және санын арттыру Косово мен Батыс Балқанның бүкіл аймағында қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтады", - деп атап өтті премьер-министр.

Альбин Курти сөзінше, Косово Республикасы бүгінде қорғаныс шығындарын, әскери қызметшілер мен резервте тұрғандардың санын көбейтуде. Сонымен қатар өңірде орналасқан KFOR күштерінің контингентін бір мезгілде ұлғайту жергілікті билік органдарының қорғаныс саласындағы күш-жігеріне де әсер етер еді. 

Республикада кейбір әріптестерімен бірге жергілікті полицияда қызмет етуден бас тартқан тәртіп сақшысы және этникалық серб Деян Пантичтің тұтқындалуына байланысты Косоводағы жағдай, бұл өңірдің Сербиямен қарым-қатынасы шиеленіскен болатын. Солтүстік Косово тұрғындары тұрғылықты жерлерінде баррикадалар тұрғыза бастады, Косово билігі Сербияға кіре берістегі ең үлкен "Мердаре" бақылау-өткізу пунктін және тағы екі өткізу пунктін жауып тастаған еді.

18 желтоқсан күні Сербия Президенті Александр Вучич Косово мен Метохиядағы сербтерден бөгеттерді алып тастауды сұрады. Сербия үкіметі жанындағы Косово мен Метохия кеңсесінің директоры Петар Петкович Белградқа баррикадаларды орнатуға қатысқан сербтердің қудаланбайтынына Вашингтон мен Брюссельден кепілдік берілгенін хабарлады. 26 желтоқсанда серб әскерлері президент Александр Вучичтің бұйрығымен жауынгерлік дайындыққа алынды, үш күннен кейін бұл режим жойылды. 

Косово қауіпсіздік күштері KFOR миссиясының келісімінсіз аймақтың солтүстігіне күш енгізбейтініне уәде берді. Бұдан бөлек Белград пен Приштина Пантичті үй қамағына ауыстыруға келісті. Сербия Президенті Александр Вучич Пантичтің үйге оралғанын хабарлады. 29 желтоқсан күні Косовоның солтүстігіндегі сербтер баррикадаларды алып тастау бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу