Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының 6 мүшесіне іздеу жарияланды - ҚМА

712

Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жарияланды, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының 6 мүшесіне іздеу жарияланды - ҚМА Фото: ҚМА

Агенттіктің хабарлауынша, Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр.

"Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан. Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасып жатыр. Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды агенттіктің сенім телефонына хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпарат берген адамдарға сыйақы қарастырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу