Қосшы қаласына жаңа әкім тағайындалды

199

Жаңа әкімге қандай міндеттер жүктелді?

Қосшы қаласына жаңа әкім тағайындалды Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Капышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті.

Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.

Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.

Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу