Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
9 сәуір күні таңғы сағат 07:00-де Қосшы қаласының полиция бөліміне "Лесная поляна" тұрғын үй алабындағы №2 үйдің қасында жол-көлік апаты болғаны туралы хабар түсті.
"Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері жетті. "Ивеко" маркалы автобус пен "Тойота" маркалы шағын автобус соғылған. Одан кейін "Тойота" автобусы аялдамаға соғылған. Шағын автобуста 10 бала болған. Жүргізуші оларды балабақшаға әкеле жатқан. 7 бала Астана қалалық ауруханасына жеткізілді", – делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Тергеу аяқталғаннан кейін қажетті шаралар қабылданады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу