Қосшы қаласында бір күнде екі адам жоғалды

1620

Бұл ақпарат instagram әлеуметтік желісіндегі qosshym_jomart парақшасында жарияланды.

Қосшы қаласында бір күнде екі адам жоғалды

"1990 жылдың 25 наурызда дүниеге келген Эльфия Фаткулинаның психикалық дамуы тежелген. Ол  бүгін сағат 16:45 шамасында Қосшы қаласы, Шырақ көшесі, 11-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен", – деп жазылған.

Сондай-ақ аталған қаладан 2016 жылы дүниеге келген Бекболат Әбунасыр Елубайұлы жоғалды. Ата-анасы жұмыстан келген кезде ұлы үйде болмай шыққан. Еріктілер Эльфия Фаткулина мен Бекболат Әбунасырды іздеу үшін "Аружан Плаза" мейрамханасының жанына жиналып, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу