Қосшы қаласында қоғамдық орталық бой көтереді

784

Ғимарат құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Қосшы қаласында қоғамдық орталық бой көтереді Фото: informburo.kz

Астана іргесіндегі Қосшы қаласында спорт секциялары, музыка үйірмелері және мәдени шаралар өткізілетін қоғамдық орталық салынады деп жазады, inbusiness.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа орталықтың жалпы ауданы 7700 шаршы метр болады. Құрылыс жұмыстары үшін Қосшы орталығындағы Республика көшесінің бойынан учаске бөлінген. Қазір жобаның дизайнын әзірлеу жүріп жатыр, құрылыс жұмыстары 2023 жылдың  күзінде басталады.

Қала мәртебесін иеленген Қосшыда бүгінде 65 мың тұрғын бар. Астана қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан мекен жедел дамып келеді. Қаладағы халық санының артуымен бірге қоғамдық демалыс орны мен даму орталығына деген сұраныс та арта түскен.

Қосшыдағы қоғамдық орталық Қазақстандағы мұндай бағыттағы тұңғыш мекеме болады. Онда білім беру, мәдени және спорт зоналары орналасады. Бастамашыл топтың дерегінше, мұндай қоғамдық орталықтар негізінен Еуропа елдерінде кең тараған және  ол балалар мен ересектердің шығармашылық және спорт үйірмелер өткізетін, концерт, кітап жәрмеңкесі және көрмелер өтетін алаңға айналмақ.

Орталық құрылысына Өтемұратов қоры 8,5 млрд теңге бөледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу