Қосшы қаласының екі тұрғыны екі айдан бері іздестірілуде

1074

Жоғалған екі адамда екі айдай уақыт іздестірілуде.  

Қосшы қаласының екі тұрғыны екі айдан бері іздестірілуде Фото: ПД баспасөз қызметінен

Биылғы жылдың 7 ақпанында Қосшы қалалық ПБ-не 43 жастағы әйел өтінішпен жүгініп, 26.06.2004 жылғы ұлы Абылайхан Дарынұлы Еркіновті тауып беруін өтінген. Анасының сөзінше, ұлы қаңтардың 23-інде Астана қаласына қыдырып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап. 

Жоғалған адамның бойы 168 см, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа қиылған. Үстіне қара шәпкі, қара шалбар, қара аяқкиім киген. 

Сонымен бірге, осы жылдың 13 ақпанында сағат 20:00 шамасында Қосшы қалалық ПБ-не 41 жастағы әйел жүгініп, 36 жастағы інісін іздеуге көмек сұраған. Ол 6 қаңтарда үйінен шығып, қайтып оралмаған. Ол үстіне көк куртка, қара шапка, джинсы, ақ кроссовки киген. 

Жоғалған адамдардың екеуі де бұрын үйінен кетіп қалып жүргендер. 

"Қосшы қалалық ПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған адамдарды Астана қаласынан іздеді, бірақ одан нәтиже шықпады. Оларды іздеуге Ақмола облысы ПД жеке құрамы мен еріктілер тартылды", - деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция жоғалған адамдарға қатысты қандай бір мәліметі бар адамдар болса, дереу "102" арнайы желісі немесе 8-(716-51) 79-721, 8-708-354-03-82, 8-705-657-65-55, 8-702-520-40-00 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу