Қосшы қаласының полицейлері пәтер ұрысын ұстады

769

Қосшы қаласының полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Қосшы қаласының полицейлері пәтер ұрысын ұстады

Ақмола облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларымен қатар, халықпен кең түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және облыс тұрғындарына жеке мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуының қарапайым ережелерін еске салады.

Полиция қызметкерлері статистика бойынша пәтер ұрлығы – меншікке қарсы жиі жасалатын қылмыс екенін айтты.

Мысалы, Қосшы қаласының полиция бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам 2021 жылдың 21 желтоқсанында таңғы сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін белгісіз біреулер терезе арқылы үйге кіріп, екі алтын әйел сақинасын, ер адамның қол сағаты мен қара күзеннен жасалған бас киімді ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 110 мың теңгені құрады.

Қылмысты "ізін суытпай" ашу мүмкін болмады. Бірақ екі аптадан астам уақыт бойы полиция қызметкерлері қажетті іс-шаралар кешенін өткізді.

Нәтижесінде, күдікті анықталды. Ол 41 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу