Қосшы мен Қабанбай батыр ауылы арасындағы жол жөнделді

521

Жолдың 19 шақырымдық бөлігі жөнделді

Қосшы мен Қабанбай батыр ауылы арасындағы жол жөнделді Фото: google.com

Жолшы мамандар Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар Р-3 "Астана-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау" (16-35 шқ арасы) күре жолының нашар күйде болған 19 шақырымдық бөлігін жөндеді. Жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды  Inbusiness.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар жаңа асфальт жабынын төсеп, жол жиегін тығыздап, жол таңба сызықтарын жаңартты.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Құрылтай" тұрғын үй кешенінің қасында және Қосшы қаласына іргелес учаскеде 2 жаңа бағдаршам орнатылды. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес "Құрылтай" тұрғын үй кешенінің қасында жаңа аялдама павильоны да орнатылмақ. 

Сонымен қатар Қабанбай батыр ауылының ішімен өтетін жол бөлігінде ескі көше шамдары заманауи энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Олар жолдарда, әсіресе түнгі уақытта тиімділігі жоғары және жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу