Алдын ала мәліметке сай, сабақ уақытында баланың жағдайы кенеттен нашарлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Ақмола облысындағы Қосшы қаласында орналасқан спорт кешендерінің бірінде болған.
Ресми деректерден баланың "бронх демікпесі" диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталды. Дереу жедел жәрдем және реанимобиль шақырылған. Өкініштісі сол, олардың барлық іс-әрекетіне қарамастан, оқушыны аман алып қалу мүмкін болмады.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қосшы қалалық полиция бөлімінде тіркелген.
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, – деді ведомство өкілдері.