Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғады

573

Бала 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.

Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғады Фото: aikyn.kz

Қосшы қаласында (5 жасар баланың терезеден құлау дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы сәуірдің 17-сінде Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне Астана қалалық №2 балалар ауруханасына "жабық бас сүйегінің жарақаты, ми шайқалу, іштің тұйық жарақаты, сол жақ иық сүйегінің сынуы" диагнозымен 5 жасар баланың түскендігі туралы хабарланған.

"Анықталғандай, зардап шеккен бала сол күні үйінде 2016 жылғы әпкесі екеуі ғана болған, ата – анасы жұмысқа кеткен. Бала 4 қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жылап жатқан баланы көріп, өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырды. Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр", - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу