Қосшыда енесінің жүзігін ломбардқа өткізіп, өз қарызын жапқан

331

Полицияға жалған хабар бергені үшін әйел жауапқа тартылды.  

Қосшыда енесінің жүзігін ломбардқа өткізіп, өз қарызын жапқан Фото: lombards.by

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, кейін ол бұл оқиғаны енесінен жасыру үшін үйдегі заттарды шашып, жалған ұрлық ұйымдастырып, полицияға хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, полиция бөлімі тергеушісінің кәсібилігінің және істі егжей-тегжейлі тергеп-тексеруінің нәтижесінде оқиғаның шынайы мән-жайы анықталды.

Нәтижесінде азаматша "Н" қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура мұндай қылмыс үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу