Қосшыда көлік жуатын орын өртеніп, 2 машина жанып кетті

116

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.    

Қосшыда көлік жуатын орын өртеніп, 2 машина жанып кетті Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін түнде Қосшы қаласында аумағы 250 шаршы метр автожуу орнындағы өрт сөндірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нысан ішіндегі екі жеңіл автокөлік жанып кетті. Оның біреуінде газ-баллондық жабдық орнатылғаны анықталды.

Өрт алдымен ғимараттың шатырына тараған. Нысанның құрылымдық ерекшелігі мен жеңіл тұтанатын материалдардың болуына байланысты өртті сөндіру күрделі болды. Алайда өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп жалынның таралуына жол бермеді.

100 шаршы метр аумақты толықтай шарпыған жалын сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу