Қосшыда мектепке бала сыймай жатыр ма?

1257

Биыл бірінші сыныпқа 635 бала қабылданғаны республика көлемінде "таңғалдырарлық" жаңалық болып тараған.

Қосшыда мектепке бала сыймай жатыр ма?

"Балалар мектепке кіре алмай жатыр, бұл жағдай қыста қалай болады?". Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге видео жариялап, жаңа мектеп қашан салынып бітетінін сұрайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мәселенің мән-жайын аудандық білім бөлімінің мамандары түсіндіріп берді. 

"Бұл видео Қосшы қаласының №1 мектебінде түсірілген. Мектепте жалпы екі ғимарат бар. Бірінші ғимарат 436 орындық, екінші ғимарат 850 орындық. Онда 2347 бала үш ауысымда оқу оқиды. Осындай балалар ауысымы кезінде ажиотаж болатыны шындық", – деді Целиноград аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Майра Байболатова.

Ол биыл қыста бір жаңа мектеп құрылысы аяқталатынын, соның арқасында үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетінін айтады.

"Қосшы бойынша үш мектеп салынып жатыр. Әрқайсысы 1200 орындық. Оның біреуі, жоспар бойынша, биыл желтоқсанда салынып бітеді. Екіншісі келесі жылы тамыз-қыркүйек айларында дайын болады ("Леясная Поляна" тұрғын үй кешенінде – ред.). Үшінші мектеп 2023 жылы аяқталады, нақты айы белгісіз. Сонда қалада 2023 жылы 3600 жаңа орын ашылады. Бұл қаланың даму жоспарына сәйкес есептеліп отыр", – деді маман.

Айта кетейік, Қосшы облыс деңгейіндегі маңызды қала статусын биыл алған. Кейбір мекемелер жаңадан құрылып жатқандықтан, әлі де Целиноград ауданы әкімдігіне қарайды. 

Шағын қалада қазір екі мемлекеттік, бір жекеменшік білім ошағы істейді. "Лесная Поляна" тұрғын үй кешеніндегі №2 мектепте биыл бірінші сыныпқа 635 бала қабылданғаны республика көлемінде "таңғалдырарлық" жаңалық болып тарады. Жалпы бұл мектепте 1-11 сынып аралығында 4781 бала білім алады. Оның сыртында даярлық сыныптары да бар. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация<\/a>

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу