Қосшыда салық органының қызметкері тұрғындардың атынан несиелер рәсімдеп өзінің шотына аударған

385

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Қосшыда салық органының қызметкері тұрғындардың атынан несиелер рәсімдеп өзінің шотына аударған Фото: canva.com

Ақмола облысы Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкерімен жасалған 5 интернет-алаяқтық ашылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

"Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - делінген прокуратура хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу