Қосшыда жеке үй өртенді

156

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Қосшыда жеке үй өртенді Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысы Қосшы қаласында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға 16 сәуірде сағат 18.09-да Ишимская көшесінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД жеке құрамынан 11 құтқарушы және 3 техника жөнелтілген.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрттен материалдық шығынды азайтуға және тұрғын үйді құтқаруға мүмкіндік туды,-делінген ведомство мәліметінде.

60 шаршы метр алаңды шарпыған қызыл жалын сағат 19.15-те толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу