Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол шетінде жатқан пакеттің ішінен шамамен 6-7 айлық шарананың денесі табылған.
Осы жайтқа байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, – деп мәлімледі Ақмола облыстық ПД.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу