Қазір қолданысқа берілген LRT станциялары ашылғалы бері 11,5 млн адамды тасымалдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта Қосшы қаласына қарай бағытта ауқымды құрылыс жүріп жатыр.
"Астананың көлік инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысын қатар жүргізіп жатырмыз.
Бүгінге дейін 294 тірек (97%) орнатылып, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалды. 2026 жылдың соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл бағытта барлығы үш станция салу көзделген", – деп жазды әкім.
Сонымен қатар, қала ішінде халық тығыз орналасқан Жағалау бағытына қарай 8 станция салынбақ.
"Оң жағалаудағы "Астана-1" теміржол вокзалына қарай бағыт №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, 9 станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр", – деп деді Астана қаласының әкімі.