Қосшыға қарай баратын негізгі жол қозғалысы қараша айында жаңартылады

684

Негізгі жолмен көлік қозғалысы 2018 жылдың 1 қарашасында қайта іске қосылады.

Қосшыға қарай баратын негізгі жол қозғалысы қараша айында жаңартылады

Онда транспорт айналма жолының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

"Нұрлы жол" стратегиялық бағдарламасының аясында "Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолының" құрылысы жүргізіліп жатыр. 2018 жылдың 1 тамызынан бастап Р-3 "Астана-Рождественка-Энтузиаст-Киевка-Темиртау" тас жолының қиылысында екі деңгейлі көліктік жол торабының құрылысы басталды. 

Осыған байланысты, Қосшы елдімекені бағытындағы негізгі тас жолында жол қозғалысы уақытша жабылып, қозғалыс уақытша айналма жолмен жүзеге асырылады. Негізгі жолмен көлік қозғалысы 2018 жылдың 1 қарашасында қайта іске қосылады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу